[ҚАЗ]  [ENG]  [РУС] 
+7 (7172) 570 275

Сату тетіктері


АКЦИЯЛАРДЫ ЖАРИЯ ОРНАЛАСТЫРУ

IPO/SPO – активтердің нарықтық құнын барынша нақты бағалауға мүмкіндік беретін тетіктер. Өз кезегінде, қор нарығына шығып жатқан компаниялар қаржылық және іскерлік ақпараттың ашықтығының жоғары стандарттарына сай болуы, сонымен қатар әлеуетті инвесторларға барынша тартымды жағдай жасауы тиіс. Тәуелсіз кеңесшілердің ұсыныстары бойынша, компания акциялары қазақстандық қор нарығымен қатар, сыртқы қор нарықтарында да орналастырылуы мүмкін.

ТІКЕЛЕЙ АТАУЛЫ САТУ

Тікелей атаулы сату әдісі – активті тәуелсіз кеңесшілердің ұсыныстары бойынша қазақстандық немесе шетелдік стратегиялық инвесторларға сату барысында қолданылады. Бұл жағдайда, стратегиялық инвестор инвестициялық келісімде қарастырылған айрықша шарттардың орындалуын қамтамасыз етуі тиіс. Мысалы, жұмыс орындарын сақтап қалу, инвестициялық бағдарламаның орындалуы, технологиялардың трансфері, инвестициялар тарту және т.б.

ЭЛЕКТРОНДЫҚ КОНКУРС

Активті сатып алушы болашақта орындауға міндетті қандай да бір шарттар болған жағдайда электрондық конкурс әдісі қолданылады. Мысалы, ондай шарттардың бірі – компанияның қызмет барысын сақтап қалу болуы мүмкін.

ЭЛЕКТРОНДЫҚ АУКЦИОН

Сатылатын компанияның қандай да бір әлеуметтік-экономикалық маңыздылығы жоқ болса немесе мемелекеттің ұлттық қауіпсіздігіне әсері болмаған жағдайда басым түрде қолданылатын әдіс түрі – ол, электрондық аукцион. Бұл кезде, сауда-саттықтың жеңімпазын анықтау барысында жалғыз ескерілетін критерий – ол, сату бағасы.

АШЫҚ ЕКІ КЕЗЕҢДІ КОНКУРС

Ашық екі кезеңді конкурс тәуелсіз кеңесшілердің ұсыныстары бойынша стратегиялық маңызға ие немесе ұлттық қауіпсіздікке әсері бар компанияларға қатысты қолданылады. Бірінші кезең – алдын ала біліктілігі бойынша іріктеуді қарастырады, ал екінші кезеңде қатысушылардың конкурстық ұсыныстары бойынша жеңізпаз анықталады.

МЕМЛЕКЕТТІК-ЖЕКЕ СЕРІКТЕСТІК

Концессия, басқаруға берілген келісім сияқты мемлекеттік-жеке серіктестік тетіктері стратегиялық маңызы бар активтерде мемлекеттік бақылауды сақтап қалу қажет болған жағдайларда қолданылады. Жеке кәсіпкерлікке нысандарға қызмет көрсету, оларды күту, коммерциялық тәуекел және капиталдық инвестициялармен байланысты құқықтар мен міндеттемелер беріледі.

Активтерді сатудағы Қор ұстанатын қағидалар

АШЫҚТЫҚ

Еншілес ұйымдарда активтерді сату бойынша Комиссиялар құрылған. Олардың құрамына мемлекеттік органдардың, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының және де жергілікті орындаушы органдардың өкілдері енді. Қор активтерін сатуға қатысты мәселелер ҚР экономикасын жаңғырту мәселелері бойынша мемлекеттік Комиссияның отырыстарында да қарастырылады. Сауда-саттықтар Қаржы министерлігінің электрондық сауда алаңында жүзеге асырылады (www.gosreestr.kz.).

ЗАҢДЫЛЫҚ

Сатуға шығарылатын барлық компанияларға құқықтық талдау жүргізіледі.

Әлеуметтік жауапкершілік

Кәсіпорынның қызмет бабын сақтап қалу – электрондық конкурстар кезіндегі міндетті шарт.

Жұмыс орындарын сақтап қалу, инвестициялық бағдарламаның орындалуы, технологиялардың трансфері, инвестициялар тарту, табиғатты қорғау заңнамасын сақтау сияқты шарттар тікелей атаулы сату барысында қолданылады.

Қалай сұрақ қоюға болады?

Егер Сіз біздің порталда өзіңізге қызықты болған жекешелендіру бойынша сұраққа жауап таппасаңыз, онда Сіз +7 7172 552266 нөмірі бойынша қоңырау орталығына хабарласа аласыз немесе сұрақтарды web-сайт арқылы жолдау үшін кері байланыс түрін пайдалана аласыз. Біз, өз кезегімізде, Сіздің сұрағыңызға барынша жылдам жауап беруге тырысамыз.


ЖАҢАЛЫҚТАР

10.10.2016
«Самұрық-Қазына Контракт» ЖШС әлеуетті өнім берушіден түскен өтініш барысында «Алатау Жарық компаниясы» АҚ жариялаған «Жылжымалы жерге қосу» тауарларын сатып алуға тексеруді жүзеге асырды. >>>
10.10.2016
«Самұрық-Қазына Контракт» ЖШС қызметкерлері  сатып алу процесіне іске қосылған Самұрық-Қазынаның еншілес компанияларының мамандарына бірінші жыл оқу өткізіп отырған жоқ. Дәрістерді... >>>
10.10.2016
«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ  Директорлар кеңесінің шешіміне сәйкес 2016 жылғы 18 сәуірде «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-ның жаңа Тауарлар, жұмыстар мен қыз... >>>
10.10.2016
«Самұрық-Қазына Контракт» ЖШС әлеуетті өнім берушілерді алдын ала біліктілік іріктеуін жүргізу бойынша белсенді жұмыс өткізуде.  Ағымдағы сәтте Білікті әлеуетті өнім берушілер тізб... >>>
10.10.2016
2016 жылдың басынан бері бір көзден тәсілімен сатып алу ескерілген ЭСАЖ пайдаланудан «Самұрық-Қазына» АҚ еншілес және тәуелді ұйымдарының бюджеттерін үнемдеу 35 829 416 302,85 теңгені немесе... >>>
08.07.2016
Мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында 2016 жылғы 26 шілдеде «Қазпероксид» ЖШС-дағы қатысу үлесінің 50%-ын, «Үлбі демалыс базасы» ЖШС-дағы қатысу үлесінің 100%-ын және «Қазатом... >>>
08.07.2016
«Самұрық-Қазына Контракт» ЖШС  тауарлар, жұмыстар, қызметтерді сатып алу мәселелерімен айналысатын «Самұрық-Қазына» АҚ ұйымдарының жұмыскерлерін оқытуды жүйелі түрде жүргізеді. >>>
08.07.2016
«Самұрық-Қазына Контракт» ЖШС қызметкерлері «Атамекен» ҰКП өкілдері үшін жұмыс істеп тұрған өндірістерді жаңғыртуға жәрдемдесу және жаңа өндірістерді құру бойынша 2014-2022 жылдарға арналған... >>>
08.07.2016
«Самұрық-Қазына Контракт» әлеуетті өнім берушінің өтініміне шартты жеңілдіктерді негізсіз қолдану бөлігінде «Вагонсервис» АҚ Сатып алу қағидаларының нормаларын бұзғанын анықтады. >>>
08.07.2016
2016 жылдың басынан бері бір көзден тәсілімен сатып алуды есепке ала отырып ЭСАЖ пайдаланудан «Самұрық-Қазына» АҚ еншілес пен тәуелді ұйымдарының бюджеттерін үнемдеу 27 229 874 752,61 теңген... >>>