[ҚАЗ]  [ENG]  [РУС] 
+7 (7172) 570 275

Саудау-саттық туралы хабарламалар



«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ активтерін сату бойынша жалпы ақпарат

Ел Президентінің Қазақстан халқына жолдаған 2014 жылғы 17 қаңтардағы жыл сайынғы дәстүрлі жолдауында Үкіметке «Самұрық-Қазына» Қорымен бірлесіп, мемлекеттік қатысуы бар барлық компанияларға талдау жүргізу, жеке секторға берілетін кәсіпорындар тізбесін айқындау тапсырылды. Сондай-ақ осындай жұмысты қалған мемлекеттік сектор бойынша жүргізу керек. Ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында Жекешелендірудің 2014-2016 жылдарға арналған кешенді бағдарламасы қабылдануы тиіс.

Мемлекет Басшысының тапсырмасын орындау мақсатында Үкімет 2014 жылғы 31 наурызда Жекешелендірудің 2014-2016 жылдарға арналған кешенді бағдарламасын (№280 ҚРҮҚ), сондай-ақ Бәсекелес ортаға беру ұсынылатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің еншілес, тәуелді ұйымдарының және олармен аффилиирленген болып табылатын өзге де заңды тұлғалар тізбесін бекітті.

Жоғарыда аталған тізбеге сәйкес «Самұрық-Қазына» қоры 2014-2020 жылдары 106 компанияны бәсекелес ортаға беруді жоспарлап отыр. Оның ішінде 2014 жылы 64 компанияны сату жоспарланып отыр, оның ішінде:

- Қор биржасында екі ірі компания: «KEGOC» АҚ пен «Маңғыстау электр желісін бөлу компаниясы» АҚ-тың акцияларын орналастыру/сату арқылы

- өнеркәсіпшіліктің әр түрлі салаларындағы 62 компания бойынша аукциондар мен конкурстар арқылы сату арқылы.

2014 жылғы 28 мамырда Қордың Директорлар кеңесі Қор мен оның еншілес ұйымдары кәсіпорындарды сату кезінде басшылыққа алатын Активтерді және объектілерді сатудың бірыңғай қағидасын бекітті.

Активтер мен объектілерді сату тетігінің ашық болуының жоғары деңгейін қамтамасыз ету мақсатында оларды Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің электрондық сауда алаңы (gosreestr.kz) арқылы сату туралы шешім қабылданды.

Анықтамалық ақпарат.

Кәсіпорындарды сату алдында дайындау және сату тетіктері туралы неғұрлым егжей-тегжейлі ақпаратты сайтымыздың тиісті ақпараттық бөлімдерінде алуыңызға болады.

Жарияланған конкурстар мен аукциондар туралы ең өзекті ақпарат «Сауда-саттық туралы хабарламалар» бөлімінде жарияланады және мүдделі сатып алушылар онда сауда-саттықтың қашан, қайда және қандай нысанда өткізілетінін біле алады.



Егер Сізге қандай да бір болмасын нақты жекешелендірілетін кәсіпорындар немесе компаниялар туралы ақпарат керек болса, Сіз оны «Кәсіпорындар паспорты» бөлімінде не 8 (7172) 552266 телефоны бойынша call-орталығында біле аласыз. Сондай-ақ Сізді қызықтыратын сұраққа жауап алу үшін немесе «Самұрық-Қазына» Қорының активтерін жекешелендіру процесінің Бірыңғай операторы болып тағайындалған «Самұрық-Қазына Контракт» ЖШС өкілдеріне сұрақ қою үшін «Сұрақ-жауап» бөліміне жүгінуіңізге болады.

ЖАҢАЛЫҚТАР

20.06.2016

Самұрық-Қазына Контракт» ЖШС, пошталық мекен-жайы: 010000, Қазақстан Республикасы, Астана қ-сы, Д.Қонаев к-сі, 8, Б блогы, «Изумрудный квартал» бизнес орталығы, 33-қабат,...

>>>
16.04.2016
Ағымдағы жылдың 18 сәуірінен бастап «Самұрық- Қазына» АҚ-ң жаңа Сатып алу қағидасы күшіне енеді, ол Қазақстан Республикасы ДСҰ мен ЕАЭО-қа кірген кезде қабылдаған халықаралық міндеттемелерді... >>>
11.12.2015
Көбіне өзгерістер Жекешелендірудің кешенді жоспарын іске асыру және Қор активтерін бәсекелестік ортаға шығаруға қатысты болды.   >>>
11.12.2015
«Самұрық-Қазына» АҚ Трансформациялау бағдарламасының шеңберінде басқарудың функционалдық моделін өзгертуде. Бұл жөнінде бағдарламаның алғашқы қорытындылары шығарылған және 2016 жылға арналға... >>>
11.12.2015
Біліктілікті арттыру және «Самұрық-Қазына» Қоры алға қойған міндеттер мен функцияларды сапалы орындауды қамтамасыз ету мақсатында компания осы жылдың 5-6 желтоқсанында өз қызметкерлерін Microsoft... >>>
11.12.2015
«Самрук-Казына Контракт» ЖШС  «ҚазМұнайТеңіз» ТМК ЖШС әрекеттеріне қатысты заңды тұлғаның өтінішін қарау нәтижелері бойынша Сатып алу қағидаларының нормаларының бұзылғаны анықталды.  ... >>>
23.11.2015
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші Орынбасары Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасын орындау үшін «Самрук-Казына Контракт» ЖШС «Самұрық-Қазына» АҚ тобы ұйымдарының отандық тауар ө... >>>
20.11.2015
Сатушысы «Қазақстан темір жолы» АҚ болған «Алматы вагон жөндеу зауыты» АҚ акцияларының 100 % сатып алу-сату шартына қол қойылды. Мәміле сомасы 4,7 миллиард теңгені құрады.   >>>
20.11.2015
«Самрук-Казына Контракт» ЖШС «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ еншілес құрылымы – «Қаражанбасмұнай» АҚ-та сатып алу қағидаларының бұзылғанын анықтады. >>>
20.11.2015
«Самұрық-Қазына» АҚ еншілес және тәуелді ұйымдарының бір көзден сатып алу тәсілімен сатып алуды ескергенде  ЭСАЖ пайдаланудан алған үнемі 49,9 млрд. теңге  – 12,33% болды.... >>>