[ҚАЗ]  [ENG]  [РУС] 
+7 (7172) 570 275

«Самұрық-Қазына» ұлттық басқару холдингінің сатып алу қызметіндегі алдын ала біліктілік іріктеу

Жаңалықтар

Халықаралық практика тапсырыс беруші жүргізетін сатып алуларға қатысуға ниет білдірген әлеуетті өнім берушілерді алдын ала біліктілігі тұрғысынан іріктеуден өткізу механизмін кеңінен дамытуды көздеп отыр. Мұндай рәсімді Achilles Group Limited, Газпром, Теңізшевройл, Khazanah Nasional Berhad секілді компаниялар және басқа да ұйымдар өткізеді. Бұл тапсырыс берушілердің тәуекелдерді азайту және сатып алуды жүргізу мерзімдерін оңтайландыру мақсатында, білікті өнім берушілерден сапалы тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алуды көздеуіне байланысты. Өз кезегінде, әлеуетті өнім берушілердің біліктілігі өнім берушінің халықаралық стандарттарға және сапа, ресурстар, өндірістік қуаттар және т.б. бойынша қойылатын талаптардың тиісті деңгейіне сәйкес келуін білдіреді.

Осылайша, Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру жағдайында сатып алуды және өнім берушілерді алдын ала біліктілік іріктеуді жүргізудің әлемдік тәжірибесін ескере отырып, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры одан әрі сатып алу рәсімдерін жүргізу үшін әлеуетті өнім берушілерді алдын ала біліктілігі тұрғысынан іріктеуді енгізеді. Алдын ала біліктілік тұрғысынан іріктеу әлеуетті өнім берушілерді сатып алынатын тауарлар, жұмыстар және қызметтер бойынша біліктілік талаптарға сәйкестігін бағалау болып табылады.

2015 жылғы желтоқсанда «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры сатып алу қызметін басқару жөніндегі саясатты бекітті. Алдын ала біліктілік тұрғысынан іріктеу жүйесінде тіркелгеннен бастап білікті әлеуетті өнім берушілер тізбесіне қосқанға дейінгі барлық процесті сипаттайтын алдын ала біліктілік тұрғысынан іріктеу стандарды бекіту сатысында. Жеделдету және субъективтік қадамды жою үшін, әлеуетті өнім берушілерді алдын ала біліктілігі тұрғысынан іріктеуді жүргізу процесін автоматтандырылған жүйе ақпараттық технологияларды пайдаланып жүзеге асыратын болады.

«Самұрық-Қазына» Холдингіне кіретін ұйымдар сатып алуды жүргізген кезде алдын ала біліктіліктен өткен әлеуетті өнім берушілер арасынан тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алу процесін жүзеге асырады. Алдын ала біліктілік тұрғысынан іріктеу тапсырыс берушілерді зиян келтіруі және тапсырыс берушілердің одан әргі қызметі үшін тәуекел тудыратын біліктілігі жоқ өнім берушілерден қорғауға, сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердің сапасын арттыруға және сатып алуды жүргізу мерзімдерін оңтайландыруға бағытталған.

Алдын ала біліктілік тұрғысынан іріктеуден өткен өнім берушілер тізбеге ену арқылы 3 жылға дейін Холдинг сатып алатын тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алуға қатысу мүмкіндігін алады. Бұдан басқа, алдын ала біліктілік тұрғысынан іріктеу өнім берушінің өзінің деңгейін және оның мемлекеттің ішіндегі және одан тысқары жерлердегі тауарлар, жұмыстар және қызметтер нарықтарында бәсекелесу қабілетін арттыруға, сондай-ақ өнім берушінің күшті қасиеттері мен оның мүмкіндіктерін көрсетуіне септігін тигізеді.

Осылайша, алдын ала біліктілік тұрғысынан іріктеуді енгізу сатып алуды жүргізу жүйесін дамытуға, өнім берушілердің бәсекеге қабілеттілік деңгейін арттыруға, тапсырыс беруші мен өнім беруші арасындағы өзара пайдады ынтымақтастықты жолға қоюға септігін тигізеді. Жалпы, ел бойынша алдын ала біліктілік тұрғысынан іріктеуді жетілдіру және оны басқа да мемлекеттік және жеке меншік ұйымдардың қабылдауы бойынша одан әргі жұмыс отандық кәсіпкерлердің және жалпы өндірістің сапасын және бәсекеге қабілеттігі деңгейін арттыруға мүмкіндік береді.


ЖАҢАЛЫҚТАР

21.06.2017
АО «ЗИКСТО» производит приборы, узлы и детали для железнодорожной отрасли. >>>
20.06.2017
Самұрық-Қазына» АҚ компаниялары жыл басынан бастап сомасы бойынша жиыны 33 895 934 812 теңгені немесе 9,93% үнемдеді. >>>
19.06.2017
Серіктестіктің басшылар мен қызметкерлеріне арналған оқыту семинарын Қазақстан Республикасының инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрол... >>>
16.06.2017
Тендерлік құжаттама жобасының ескертулері мен тендерлік құжаттама жобасының ережесін түсіндіру туралы сұрау салулар тендерлік құжаттама жобасы орналастырылған... >>>
16.06.2017
Бұл құжат «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-тың сатып алуларында және сатып алудың мемлекеттік секторында негізгі аспап ретінде қолданылад... >>>
16.06.2017
Холдингтің тауар өндірушілерінің (Холдингтің мүгедектер ұйымы) тізілімінде болу мерзімінің өткендігі туралы хабарлама хабарландыру ретінде барлық өнім бе... >>>
16.06.2017
12.06.2017 ж. жағдай бойынша ААБІ АЖ-да 5 692 ұйым тіркелді >>>
15.06.2017
«ҚазМұнайГаз» барлау өндіру» АҚ голландтық электронды аукционында «Эмба оқу орталығы» ЖШС-ны 20 624 400,72 теңгеге сатты. >>>
15.06.2017
Холдингтің тауар өндірушілерінің тізілімінде болу мерзімінің өткендігі туралы хабарлама хабарландыру ретінде барлық өнім берушілерге жолданатын болады. >>>