[ҚАЗ]  [ENG]  [РУС] 
+7 (7172) 570 275

Сипаттамасы мен мақсаты

Электрондық сатып алудың ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – ЭСАЖ) Қор компанияларының электрондық сатып алудың бірыңғай порталын білдіреді.

Электрондық сатып алу жүйесін қолдану процеске қатысушылардың барлығына ашық болу деңгейін арттыру, тең құқықтар, қажетті сатып алу бойынша тез іздеу есебінен тендер жүргізудің бәсеке ортасын, өнім берушінің аумақтық орналасқан жеріне қарамастан, сатып алуға қатысуға мүмкіндік береді.

ЭСАЖ бірнеше мәселені шешеді. Ол бюджеттік қаражатты үнемдеуге және сатып алу процесінің ашық болуын қамтамасыз етуге маңызды қадам жасауға мүмкіндік береді, ақпаратты шоғырландыруға, атап айтқанда – компанияның өсуіне, оның рентабельдігін арттыруға жәрдемдеседі. ЭСАЖ бірыңғай электрондық-сауда алаңында тауарлар мен қызметтерді сатып алу процестерін толық автоматтандыруды қамтамасыз етеді.

Мұнда тапсырыс берушілер, өнім берушілер туралы барлық қажетті ақпарат, сондай-ақ тауарлар, жұмыстар мен қызметтер туралы деректердің кеңейтілген базасы шоғырландырылған.

Жүйе Қордың сатып алу қағидасы нормаларының сақталуына орталықтандырылған мониторингті және оны бақылауды жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Өнім берушінің немесе мердігердің кез келген қисынсыз шешімі, кез келген біржақты таңдауы бірден тіркеледі. Мәнісі бойынша, бұл жемқорлық көріністерінің туындау мүмкіндігін болдырмайды.

Жүйеде тіркелу үшін Ұлттық куәландыру Орталығында электрондық-цифрлік қол алу қажет

"ЭСАЖ бейрезидент-қатысушыларының ЭЦҚ алуын түсіндіру"


ЖАҢАЛЫҚТАР

15.09.2017
ТОО «Самрук-Казына Контракт» не имеет отношения к частным компаниям, оказывающим платные консультации по ПКО. >>>
08.09.2017
Барлығы жұмыс барысында 120 мыңнан астам ТЖҚ БНА кодтары өңделіп, қайта қаралды, сондай-ақ дәлелдеу базасы мен мемлекеттік тізілімдер енгізілді. >>>