[ҚАЗ]  [ENG]  [РУС] 
+7 (7172) 570 275

Қор компанияларының алда болатын сатып алулары туралы хабарлама алатын SKM.KZ қолданушыларының санын екі есеге артты

27.11.2017

2017 жылдың басынан бастап «Самұрық-Қазына» АҚ Қорының еншілес компанияларының жоспарланып отырған сатып алулары туралы сілтемені алатын қолданушылары саны екі есеге артты. Бұл ретте аталған сілтемені «Тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алудағы маркетинг» порталында (www.skm.kz) ТЖҚ БНА-ның анықталған коды бойынша өндірілетін/жеткізілетін өнімге прайс-парақшаларын орналастырған өнім берушілер ғана ала алатынын айта кету қажет.

Сонымен қатар аталған аппараттық ресурста «Самұрық-Қазына» АҚ барлық компаниялары тобының ұзақ мерзімді және жылдық сатып алуларының шоғырландырылған жоспарлары, алда болатын сатып алулар туралы хабарландырулар және қорытындыларды шығару хаттамалары орналастырылған.

«Самұрық-Қазына» АҚ компанияларының сатып алу процестерін реттейтін нормативтік актілерге еркін қол жеткізуге болатын, сонымен қатар тауар өндірушілердің және мүгедектер ұйымының тізіліміне, Холдингтің адал және жосықсыз өнім берушілердің тізбесіне, сондай-ақ өнім берушілердің алдын ала біліктілік іріктеу тізбесіне енгізілген кәсіпкерлер арасында ғана сатып алулар жүргізілетін тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердің тізіміне сілтемелер ұсынылған.

Қордың «Электронды сатып алулардың ақпараттық жүйесі» (tender.sk.kz), «Тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердің бірыңғай номенклатуралық анықтамалығы», «Жергілікті қамту мониторингінің картасы» сияқты өзге де ақпараттық жүйелермен байланыс орнатылған.

Барлық ақпарат тұрақты негізде жаңартылып, өзекті болып табылады. 


Возврат к списку


ЖАҢАЛЫҚТАР

30.11.2017
pko.skc.kz сайтында алдын ала біліктілік іріктеуден өту үшін қажетті 7 қадам көрсетілген >>>
29.11.2017
Стратегияны әзірлеу барысында медициналық сақтандыру қызметін көрсетудің сапасын жақсарту және бизнестің ішкі талаптары бойынша мәселелер талқылануда >>>
28.11.2017
«Ақтаумұнайсервис» ЖШС «Ақтау мұнай жабдықтары зауыты» ЖШС акцияларының 49% сауда-саттыққа шығарды. >>>
27.11.2017
2017 жылдың басынан бастап «Самұрық-Қазына» АҚ Қорының еншілес компанияларының жоспарланып отырған сатып алулары туралы сілтемені алатын қолданушыла... >>>
25.09.2017
Стратегияны іске асыру бойынша Холдингтің еншілес және тәуелді ұйымдарына жеңіл автокөліктерді және автобустарды сатып алу бір көзден сатып алу тәсілі бойынша... >>>
22.09.2017
В работе съезда приняли участие представители ТОО «Самрук-Қазына Контракт». >>>
15.09.2017
ТОО «Самрук-Казына Контракт» не имеет отношения к частным компаниям, оказывающим платные консультации по ПКО. >>>