[ҚАЗ]  [ENG]  [РУС] 
+7 (7172) 570 275

«САМҰРЫҚ-ҚАЗЫНА КОНТРАКТ» ЖШС CALL-ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ОҚЫТУДАН ӨТТІ

«САМҰРЫҚ-ҚАЗЫНА КОНТРАКТ» ЖШС CALL-ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ОҚЫТУДАН ӨТТІ  11.08.2017

«Самұрық-Қазына Контракт» ЖШС компанияның call-орталығы қызметкерлерінің қатысуымен оқыту өткізілді. Кездесудің басты тақырыбы – жаңа функционалдар қосылған Электронды сатып алулардың ақпараттық жүйесіндегі жұмыстар бойынша қағида мен Нұсқаулықтарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу.

Оқыту барысында call-орталық операторлары ТЖҚ жеткізушілерді алдын ала біліктілігі бойынша іріктеу, ТЖҚ-ның бірыңғай номенклатуралық анықтамалығын бірыңғайлау сияқты тақырыптар қызықтырды. Мамандар «Самұрық-Қазына Контракт» ЖШС «жедел желі» қызметкерлерінен келіп түскен барлық сұрақтарға егжей-тегжейлі жауаптар берді.

«Самұрық-Қазына Контракт» ЖШС 2014 жылғы тамыз айында call-орталығын ашқандығын естеріңізге сала кетейік. «Жедел желі» қызметкерлерінің негізгі міндеті – ЭСАЖ жұмысы бойынша сұрақтарды түсіндіру, ААББІ өту, сатып алуды жүзеге асыру, «Самұрық-Қазына» АҚ Қор тобы ұйымдарының активтерін іске асыру туралы инвесторлар мен әлеуетті сатып алушыларды ақпараттандыру.

Call-орталық +7 (7172) 55-22-66 нөмірі бойынша Қазақстан Республикасының барлық тұрғындарына қол жетімді. Операторлар Қордың сатып алу мәселелеріне қатысты сізді қызықтыратын барлық сұрақтарға жауап береді.


Возврат к списку


ЖАҢАЛЫҚТАР

22.09.2017
В работе съезда приняли участие представители ТОО «Самрук-Қазына Контракт». >>>
22.09.2017
В работе съезда приняли участие представители ТОО «Самрук-Қазына Контракт». >>>
15.09.2017
ТОО «Самрук-Казына Контракт» не имеет отношения к частным компаниям, оказывающим платные консультации по ПКО. >>>
08.09.2017
Барлығы жұмыс барысында 120 мыңнан астам ТЖҚ БНА кодтары өңделіп, қайта қаралды, сондай-ақ дәлелдеу базасы мен мемлекеттік тізілімдер енгізілді. >>>