[ҚАЗ]  [ENG]  [РУС] 
+7 (7172) 570 275

САТЫП АЛУЛАРДЫ САНАТТЫҚ БАСҚАРУ ЖӨНІНДЕГІ ҚОРДЫҢ ҚҰЗЫРЕТ ОРТАЛЫҒЫ ОНЫ ДАМЫТУ БОЙЫНША ЕЛСЕНДІ ЖҰМЫС ЖҮРГІЗУДЕ

САТЫП АЛУЛАРДЫ САНАТТЫҚ БАСҚАРУ ЖӨНІНДЕГІ ҚОРДЫҢ ҚҰЗЫРЕТ  ОРТАЛЫҒЫ ОНЫ ДАМЫТУ БОЙЫНША ЕЛСЕНДІ ЖҰМЫС ЖҮРГІЗУДЕ 11.08.2017

Қор Басқармасының 2017 жылғы17 наурыздағы №09/17 шешіміне сәйкес «Самұрық-Қазына Контракт» ЖШС Сатып алуларды санаттық басқару жөніндегі Қордың Құзырет орталығы (ҚО) ретінде анықталды.

ҚҰ негізгі функциялары: Қор деңгейінде басқарылатын стратегияларды әзірлеу; Сатып алулар санатының тізбесін анықтау мен бекіту; Қор деңгейінде санаттар тізбесін басқару, сатып алуларды санаттық басқару бойынша әдіснамалық басшылықты пен қолдау көрсету; Қордың еншілес компаниялары деңгейлерінде сатып алу санатындағы тізбелерді басқаруға қатысу.

Бүгіндері Сатып алуларды санаттық басқару жөніндегі Қордың Құзырет орталығы оны дамыту бойынша жұмыстарды белсенді түрде жүргізуде.

Осылайша, бүгінгі күні, Қоры Басқармасының шешімімен 2016-2017жж. пилоттық сатып алудың санаттық стратегияларын әзірлеу бойынша және «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ, «Самұрық-Энерго» АҚ, «Қазпошта» АҚ, «КEGOC» АҚ іске асыру периметрімен тауарлар, жұмыстар және қызметтердің 12 (он екі) санаты бойынша 2017 жылы іске асырылатын I - II толқынды санаттар тізбесі бекітілді.

Қордың сатып алуларындағы санаттық басқаруды дамыту бойынша жұмыстарды жалғастыру мақс атында жоғарыда аталған компаниялардың сатып алу стратегияларын әзірлеуге және іске асыруға жататын 40-тан астам санаттардың тізбесіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша жоба әзірленді.

Сондай-ақ, ҚО-да Қор деңгейінде басқарылатын «Жеңіл автомобильдер мен автобустар» санаты бойынша пилоттық сатып алу санатындағы стратегиялары әзірленді.

Осы стратегияда мына мақсаттарға қол жеткізудің үш тетігі қарастырылған:

- ішкі сұранысты басқару (модельдер қатарын саралау және біріздендіру);

- Сатып алу қағидаларының 140-тармағына сәйкес сатып алуды шоғырландыру (2) тармақшаға сәйкес Қормен стратегиялық келісім жасау арқылы сатып алудың, жеңілдіктердің ең жақсы шарттарына ол жеткізу);

- иеленудің жиынтық құны бойынша шығындарды азайту.

Қазіргі уақытта, ҚО әріптестік келісімдерге қол қою мақсатында Холдингтің тауар өндірушілерімен келіссөздер жүргізілуде.


Возврат к списку


ЖАҢАЛЫҚТАР

25.09.2017
Стратегияны іске асыру бойынша Холдингтің еншілес және тәуелді ұйымдарына жеңіл автокөліктерді және автобустарды сатып алу бір көзден сатып алу тәсілі бойынша... >>>
22.09.2017
В работе съезда приняли участие представители ТОО «Самрук-Қазына Контракт». >>>
15.09.2017
ТОО «Самрук-Казына Контракт» не имеет отношения к частным компаниям, оказывающим платные консультации по ПКО. >>>
08.09.2017
Барлығы жұмыс барысында 120 мыңнан астам ТЖҚ БНА кодтары өңделіп, қайта қаралды, сондай-ақ дәлелдеу базасы мен мемлекеттік тізілімдер енгізілді. >>>