[ҚАЗ]  [ENG]  [РУС] 
+7 (7172) 570 275

«САМҰРЫҚ-ҚАЗЫНА» АҚ АКТИВТЕРІН ІСКЕ КЕЗІНДЕ МАКСИМАЛДЫ АШЫҚТЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛЕДІ

«САМҰРЫҚ-ҚАЗЫНА» АҚ АКТИВТЕРІН ІСКЕ КЕЗІНДЕ МАКСИМАЛДЫ АШЫҚТЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛЕДІ 11.08.2017

«Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының кез келген активін іске асыру кезінде іске асырудың тәсілі, бағасы, мерзімі мен шарттары бойынша барлық шешімдер Қордың еншілес компанияларындағы Салалық комиссиялармен қабылданады. Салалық комиссиялардың отырыстарына:

1. Ұлттық компания төрағасы – активтер иесі

2. Қор мен «Самұрық-Қазына Контракт» ЖШС өкілдері

3. ҚР Қаржы министрілігінің мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің өкілдері

4. ҚР Ұлттық экономика министрілігінің өкілдері

5. «Нұр Отан» партиясының өкілдері

6. «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері қатысады.

Бұдан әрі бұл шешімдер Қордың Жобалық кеңсесімен қаралып, ҚР Премьер-Министрінің төрағалық етуімен Қазақстан Республикасының Экономика жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссиямен келісуге жіберіледі. Бұл жерде активті сату туралы шешім осы рәсімдерді өткеннен кейін ғана қолданысқа енгізілетінін атап өту маңызды.

Осы рәсімдердің барлығында «Самұрық-Қазына Контракт» ЖШС Бірыңғай оператор атынан тікелей қатысып, активті сатып алу-сату келісімшартты жасасу алдында барлық қажетті рәсімдердің өткізуге тексеру жүргізуді және шартының жобасын келісуді жүзеге асырады.

Активтерді аукционға қою бойынша аптасына кемінде үш рет шығарылатын, Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таратылатын басылымдарда сауда-саттық туралы хабарлама жарияланады. Сондай-ақ, хабарлама Қордың еншілес компанияларының корпоративтік сайттарында, «Самұрық-Қазына» АҚ жекешелендіру бағдарламасының сайтында (www.privatization.sk.kz) және http://www.skc.kz сайтында орналастырылады.

Мұның барлығы - бәсекелестік ортаға «Самұрық-Қазына» АҚ активтерін шығару процесінің ашықтығын қамтамасыз ету үшін қаралған құралдар.


Возврат к списку


ЖАҢАЛЫҚТАР

22.09.2017
В работе съезда приняли участие представители ТОО «Самрук-Қазына Контракт». >>>
22.09.2017
В работе съезда приняли участие представители ТОО «Самрук-Қазына Контракт». >>>
15.09.2017
ТОО «Самрук-Казына Контракт» не имеет отношения к частным компаниям, оказывающим платные консультации по ПКО. >>>
08.09.2017
Барлығы жұмыс барысында 120 мыңнан астам ТЖҚ БНА кодтары өңделіп, қайта қаралды, сондай-ақ дәлелдеу базасы мен мемлекеттік тізілімдер енгізілді. >>>