[ҚАЗ]  [ENG]  [РУС] 
+7 (7172) 570 275

БЖҚ БНА ҚАЛЫПТАНДЫРУ АЯСЫНДА 30 МЫҢНАН АСТАМ КОДТАР ӨҢДЕЛДІ

БЖҚ БНА ҚАЛЫПТАНДЫРУ АЯСЫНДА 30 МЫҢНАН АСТАМ КОДТАР ӨҢДЕЛДІ 21.07.2017

Үстіміздегі жылғы 21 шілдеде Тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің бірыңғай номенклатуралық анықтамалығын (ТЖҚ БНА)қалыпқа келтіру бойынша жұмыс тобының аясында «Самұрық – Қазына Контракт» ЖШС мамандарымен кодтарды қайта қарау және бекіту бойынша жиналыс өткізді. Отырысқа ҚР Қаржы министрлігі, Статистика комитеті, Техникалық реттеу және метрология комитетінің, «NADLoC» жергілікті қамтуды дамыту жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ, Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен салалық бірлестіктердің өкілдері қатысты.

Жиналыс барысында айтылғандай, қазіргі уақытта ТЖҚ БНА 30 мыңнан астам кодтары өңделген және қайта қаралып, дәлелдеу базасы, сондай-ақ мемлекеттік тізілімдерін қосылды.

Қайта өңделген кодтар қатарына мыналар кірді:

1. Тоқыма өнімі;

2. Электр қозғалтқыштары мен аккумуляторлар;

3. Құбыр өнімі;

4. Кәбіл және сым;

Қазіргі уақытта жұмыстар мына бағыттар бойынша жүргізілуде:

1. Тамақ өнімдері;

2. Машина жасау;

3. Бекіту бұйымдары мен болттар;

4. Қағаздан жасалған бұйымдар;

5. Медициналық техника;

6. ІТ индустрия.

Ағымдағы жылдың маусым айының басында аталған ТЖҚ БНА қалыпқа келтіру шеңберінде анықтамалықты ҚР сатып алулардың барлық сегменттерінде қолдану мақсатында оны жақсарту және оңтайландыру бойынша жұмыс тобы құрылғанын естеріңізге сала кетейік.

Сонымен қатар, сатып алудың барлық қатысушылары «Самұрық – Қазына Контракт» ШЖС атына немесе ens@skc.kz. электрондық адресіне ТЖҚ БНА анықтамалығын жақсарту және жетілдіру бойынша өз ұсыныстарын жолдай алады.

Анықтама үшін: ТЖҚ БНА – сатып алу процесін жоспарлау, есепке алу және талдау үшін «Самұрық-Қазына» АҚ ұйымдарымен, 2013 жылдан бастап Қазақстан Республикасының мемлекеттік мекемелерімен және басқа да бөгде ұйымдармен қолданылатын жіктеуіш. Бүгінгі таңда, ТЖҚ БНА 174 мың позициядан тұратын, Қазақстандағы егжей-тегжейлі және кең анықтамалық болып табылады.


Возврат к списку


ЖАҢАЛЫҚТАР

30.11.2017
pko.skc.kz сайтында алдын ала біліктілік іріктеуден өту үшін қажетті 7 қадам көрсетілген >>>
29.11.2017
Стратегияны әзірлеу барысында медициналық сақтандыру қызметін көрсетудің сапасын жақсарту және бизнестің ішкі талаптары бойынша мәселелер талқылануда >>>
28.11.2017
«Ақтаумұнайсервис» ЖШС «Ақтау мұнай жабдықтары зауыты» ЖШС акцияларының 49% сауда-саттыққа шығарды. >>>
27.11.2017
2017 жылдың басынан бастап «Самұрық-Қазына» АҚ Қорының еншілес компанияларының жоспарланып отырған сатып алулары туралы сілтемені алатын қолданушыла... >>>
25.09.2017
Стратегияны іске асыру бойынша Холдингтің еншілес және тәуелді ұйымдарына жеңіл автокөліктерді және автобустарды сатып алу бір көзден сатып алу тәсілі бойынша... >>>
22.09.2017
В работе съезда приняли участие представители ТОО «Самрук-Қазына Контракт». >>>
15.09.2017
ТОО «Самрук-Казына Контракт» не имеет отношения к частным компаниям, оказывающим платные консультации по ПКО. >>>