[ҚАЗ]  [ENG]  [РУС] 
+7 (7172) 570 275

«ҚАЗМҰНАЙГАЗ» БАРЛАУ ӨНДІРУ» АҚ «ЭМБА ОҚУ ОРТАЛЫҒЫ» ЖШС-НЫ САТТЫ

«ҚАЗМҰНАЙГАЗ» БАРЛАУ ӨНДІРУ» АҚ «ЭМБА ОҚУ ОРТАЛЫҒЫ» ЖШС-НЫ САТТЫ 15.06.2017

«ҚазМұнайГаз» барлау өндіру» АҚ голландтық электронды аукционында «Эмба оқу орталығы» ЖШС-ны 20 624 400,72 теңгеге сатты.

«Эмба оқу орталығы» ЖШС өндірістік қауіпсіздік саласындағы мамандарды дайындауды, қайта даярлауды, біліктілігін арттыруды жүзеге асырады. «Эмба оқу орталығы» ЖШС-ның негізгі клиенттері – мұнай газ ұйымдары. 2015 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша компанияның жарғылық капиталы мен бөлінбеген пайдасы 26 083 мың теңгені және 28 558 мың теңгені тиісінше құрады. «Эмба оқу орталығы» ЖШС Атырау қаласында орналасқан.

2017 жылғы 20 сәуірге және 16 мамырға жоспарланған бағаны көтеру және төмендету аукционына 2 қатысушыдан кем тіркелгендіктен, өткізілмегенін естеріңізге саламыз.
Үшінші сауда-саттық туралы егжей-тегжейлі ақпарат www.gosreestr.kz электронды алаңында

Возврат к списку


ЖАҢАЛЫҚТАР

15.09.2017
ТОО «Самрук-Казына Контракт» не имеет отношения к частным компаниям, оказывающим платные консультации по ПКО. >>>
08.09.2017
Барлығы жұмыс барысында 120 мыңнан астам ТЖҚ БНА кодтары өңделіп, қайта қаралды, сондай-ақ дәлелдеу базасы мен мемлекеттік тізілімдер енгізілді. >>>