[ҚАЗ]  [ENG]  [РУС] 
+7 (7172) 570 275

Астанада тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердің біріңғай номенклатуралық анықтамалығын (ТЖҚ БНА) қалыпқа келтіру бойынша жұмыс тобының отырысы өтті.

Астанада тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердің біріңғай номенклатуралық анықтамалығын (ТЖҚ БНА) қалыпқа келтіру бойынша жұмыс тобының отырысы өтті. 16.06.2017

Астанада тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердің біріңғай номенклатуралық анықтамалығын (ТЖҚ БНА) қалыпқа келтіру бойынша жұмыс тобының отырысы өтті. Бұл құжат «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-тың сатып алуларында және сатып алудың мемлекеттік секторында негізгі аспап ретінде қолданылады.

Жұмыс тобының құрамына «Самұрық-Қазына Контракт» ЖШС-ның, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының, салалық қауымдастықтардың, ҚР Қаржы министрілігінің қызметкерлері, ҚР Ұлттық экономика министрлігінің статистика комитетінің, Инвестициялар және даму министрлігінің Техникалық реттеу және метрологияны комитетінің, «NADLoC» жергілікті қамтуды дамыту жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ өкілдері кірді.

Бірінші кезеңде ТЖҚ БНА базасын жетілдіру мақсатында мынадай салалар анықталды:

1. Жиһаз өнім

2. Жеңіл өнеркәсіп

3. Азық-түлік өнеркәсібі

4. Химиялық/фармацевтикалық өнеркәсіп

5. Автокөлік саласы.

6. Кабель өнімі.

7. Трансформаторлар мен электр қозғалтқыштары.

Жұмыс тобының міндетіне анықтамалықтың кодтарын құру және бекіту регламенттерін әзірлеу, мүдделі тұлғалар тарапынан ұсынылатын ұсыныстарды ескере отырып, ТЖҚ БНА әдіснамасын қайта қарау кіреді.

«Самұрық-Қазына Контракт» ЖШС бизнес - қоғамдастықпен сұхбат жүргізуге дайын және мүдделі тұлғалармен БЖҚ БНА базасын қалыпқа келтіру аясында кодтарды құруды талқылауға мүдделі. Сонымен қатар ҚР СТ, МЕМСТ сияқты жалпы ұлттық және халықаралық мемлекеттік стандарттар негізінде анықтамалықтың дәлелді базасы әзірленетін болады», деді отырыс барысында «Самұрық-Қазына Контракт» ЖШС Бас директорының орынбасары Қайнар Тайжанов.

ТЖҚ БНА-ны жақсарту бойынша барлық мүдделі тұлғалардың бірлескен қызметі «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ компаниялар тобының сатып алу саласындағы кәсіпкерлердің жұмысын жеңілдетуге бағытталған.

Қазіргі таңда ТЖҚ БНА Қазақстанда кеңінен қолданылатын, теңдесі жоқ анықтамалық болып табылады. Ол 2012 жылдан бастап Қордың сатып алуларында қолданылады, сондай-ақ сатып алудың мемлекеттік секторында қолданылады. Құжатты өзектендіру тек Қор бойынша ғана емес, жалпы республика бойынша сатып алу процестерін біріздендіру мен автоматтандыру бойынша кең ауқымдағы жобаның жалғасы болып табылады.


Возврат к списку


ЖАҢАЛЫҚТАР

21.06.2017
АО «ЗИКСТО» производит приборы, узлы и детали для железнодорожной отрасли. >>>
20.06.2017

Самұрық-Қазына» АҚ компаниялары жыл басынан бастап сомасы бойынша жиыны 33 895 934 812 теңгені немесе 9,93% үнемдеді.


>>>
19.06.2017
Серіктестіктің басшылар мен қызметкерлеріне арналған оқыту семинарын Қазақстан Республикасының инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрол... >>>
16.06.2017

Тендерлік құжаттама жобасының ескертулері мен тендерлік құжаттама жобасының ережесін түсіндіру туралы сұрау салулар тендерлік құжаттама жобасы орналастырыл... >>>

16.06.2017

Бұл құжат «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-тың сатып алуларында және сатып алудың мемлекеттік секторында негізгі аспап ретінде қолданы... >>>

16.06.2017

Холдингтің тауар өндірушілерінің (Холдингтің мүгедектер ұйымы) тізілімінде болу мерзімінің ө... >>>

16.06.2017
12.06.2017 ж. жағдай бойынша ААБІ АЖ-да 5 692 ұйым тіркелді >>>
15.06.2017

«ҚазМұнайГаз» барлау өндіру» АҚ голландтық электронды аукционында «Эмба оқу орталығы» ЖШС-ны 20 624 400,72 теңгеге сатты.

>>>
15.06.2017

Холдингтің тауар өндірушілерінің тізілімінде болу мерзімінің өткендігі туралы хабарлама хабарландыру ретінде барлық өнім берушілерге жолданатын болады. >>>

13.06.2017

Құрметті әлеуетті өнім берушілер!

>>>