[ҚАЗ]  [ENG]  [РУС] 
+7 (7172) 570 275

Конституциядағы өзгерістер

Конституциядағы өзгерістер 03.03.2017 ҚР Парламентінде құрылған бірлескен комиссияның отырысында екінші оқылымда мемлекет басшысы ұсынған «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы қабылданды деп хабарлайды Zakon.kz.
Бірлескен комиссияның төрағасы Нұрлан Әбдіров атап көрсеткендей, заң жобасы Конституцияның 19-бабына 26 түзетуді қарастырады.  
«Екінші оқылымда заң жобасын қарау шеңберінде барлық конституциялық реформаның мәні туралы тұтас көрініс болғаны маңызды деп ойлаймыз» - деді ол және  бірінші оқылымда депутаттар тұжырымды түрде қолдаған түзетулер туралы айтып берді.
Мәселен, түзетулердің басым бөлігі Президенттің, Парламенттің және Үкіметтің билік өкілеттіктерін қайта бөлу мәселелерін қозғайды.  
«Бұл түзетулер Елбасының «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын іске асыруға бағытталған. Президенттің қорғаныс қабілеті, сыртқы саясат, мемлекеттік басқару, Конституцияны қорғау және мемлекеттік билік тармақтарында тиімді жұмысты қамтамасыз ету және олардың өзара іс-қимылы мәселелері бойынша құзыретін сақтауы дұрыс қадам болары күмәнсіз. Норма Парламенттің заң билігін жүзеге асыратынымен бекітіледі», - деп түсіндірді депутат.
Бұл ретте заңда белгіленген әлеуметтік-экономикалық саладағы Мемлекет басшысы  өкілеттіктерінің біраз бөлігін Үкіметке беру ұсынылады.  
Сондай-ақ түзетулер конституциялық деңгейде билік тармақтары арасындағы қатынастарды теңгерімдеу міндетін шешеді.  
Адам мен азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың жаңа пәрменді тетігі пайда болды.
Қазақстан Республикасындағы Негізгі заңға сәйкес адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтары танылып қана қойылмайды, сонымен бірге кепілдендіріледі. Бұл ретте олардың гаранты Қазақстан Республикасының Президенті болып табылады.
«Өзіне конституциялық құқықтар мен бостандықтарды қамтамасыз ету бойынша міндеттемелерді қабылдай отырып, мемлекет ең алдымен, конституциялық, оны жүзеге асыру тетіктерін, құқықтық міндеттемелерді белгілейді», - деп атап көрсетті Әбдіров. – Сонымен, Мемлекет басшысы осындайларды қорғау мүддесінде қолданыстағы және қабылданған заңдардың, сондай-ақ өзге де құқықтық актілердің Конституцияға сәйкестігін тексеру үшін Конституциялық кеңеске жүгіне алады».  
Мұндай конституциялық бақылаудың жаңа бағыты заңдар және құқықтық актілер ретінде оң әсерін тигізеді деп атап көрсетті депутат.  Ал бұл құқықтық мемлекет ретінде Қазақстанның одан әрі бекуіне ықпал жасайтын болады.
Атап айтқанда, Конституцияның 91-бабына түзетулер мемлекеттің тәуелсіздігінің мызғымастығын, сондай-ақ Негізгі заңға өзгерістер мен толықтырулар бойынша Республиканың Конституциялық кеңесінің қорытындысының міндетті бар болуын бекітеді.
Конституциялық деңгейде біздің басты құндылығымыздың өзгермейтін кепілдігі – мемлекеттің тәуелсіздігі болып бекітіледі. Конституцияның 91-бабында  республиканың біртұтастығымен, аумақтық тұтастығымен және тіпті Негізгі заңды қайта қарау жолымен де, ешқандай жағдайда басқару нысанымен қатар біздің елдің тәуелсіздігі өзгермейтіні белгіленеді.  
«Бұл түзету әлі де болса әділ, өйткені тәуелсіздік «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының 1991 жылғы 16 желтоқсандағы арнайы Конституциялық заңымен бекітілген», - деп атап көрсетті комиссия төрағасы. -  Осы конституциялық ережелердің беріктігін қамтамасыз ету үшін Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар республикалық референдумға немесе оларды белгіленген талаптарға сәйкес келтіру туралы Конституциялық кеңестің қорытындысы болған жағдайда ғана Парламенттің қарауына шығарылуы мүмкін деп белгілейді. Аталған мәселе бойынша жүгіну субъектісі деп Мемлекет басшысын айқындау ұсынылады».
Конституцияның 49-бабының 1-тармағына Парламент жай заңнамалық функцияларды жүзеге асыратын ғана емес, Конституцияның 3-бабына сәйкес заңнамалық билікті жүзеге асыратын Республиканың жоғары өкілдік органы болып табылатындығы бөлігінде маңызды нақтылауды енгізу ұсынылады.
Негізгі заңның 3-бабының 3-тармағына сәйкес халық пен мемлекет атынан шығу құқығы Президентке, сондай-ақ оның конституциялық өкілеттіктері шегінде Республиканың Парламентіне тиесілі.
Заңнамалық билік – бұл аса маңызды қоғамдық қатынастарды реттейтін, жеке және заңды тұлғалардың құқық субъектілігіне, қатысты негізін қалайтын қағидаттар мен нормаларды және Конституцияның 61-бабының 3-тармағында аталған басқа да қатынастарды белгілейтін заңдарды әзірлеумен, қараумен және қабылдаумен айналысатын мемлекеттік биліктің тармағы.
«Ұсынылып отырған түзету толық қисынды, өйткені 64, 75 және 76-баптарда біздің елдегі атқарушы билікті Үкімет, ал сот билігін – соттар (судьялар) жүзеге асыратыны туралы ережелермен нақты бекітілген, - деп түсіндірді мәжілісші. – Осы түзету  мемлекеттік билік жүйесі оны үш тармаққа бөлу және олардың тежемелік әрі тепе-теңдік жүйесін пайдалану арқылы өзара іс-қимыл жасау қағидатымен белгіленген Конституцияның 3-бабы 4-тармағының нормаларына сәйкес келтірілгені сөзсіз.».
Тағы бір түзету  Конституцияның 57-бабының 6) тармақшасына Үкімет мүшелерінің олардың қызмет мәселелері бойынша есептерін таңдау құқығы туралы және Президентке олар заңдарды орындамаған жағдайда оларды лауазымнан босату туралы өтініштер енгізіледі. Бұл жағдайда Президент Үкімет мүшесін лауазымынан босатады.
61-баптың 2-тармағының жаңа редакциясына сәйкес Президент тиісті заң жобалары бірінші кезектегі тәртіппен екі ай ішінде қабылдануы тиіс екендігін білдіретін заң жобаларын қарау басымдылығын айқындауға құқылы.
Елеулі өзгеріс 70-баптың 1-тармағында ұсынылады, осыған сәйкес Үкімет жаңа сайланған Мәжілістің алдына өз өкілеттіктерін тапсырады.
«Бұл норма депутаттардың жауаптылығын арттырады, сондай-ақ елдің сайлау жүйесінің партиялық қағидатын күшейтеді», - деп атап көрсетті Н.Әбдіров.
Бұдан басқа, 44-баптағы түзетулер Президенттен Үкіметке мемлекеттік бағдарламаларды және мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен қамтылатын барлық органдар жұмыскерлерін қаржыландыру және еңбекақы төлеудің бірыңғай жүйесін бекіту бойынша өкілеттіктердің берілуін көздейді.
Бұл міндет Мемлекет басшының келісімі бойынша Үкіметпен шешілетін болады.
Жобамен Мемлекет басшысының Үкіметтің немесе Премьер-Министрдің актілерін қабылдамау не қолданысын тоқтату құқығы алынып тасталынады. Осылайша, өз актілері үшін барлық толық жауаптылықты Үкіметтің өзі көтеретін болады.
Сонымен бірге Республиканың Президенті адам мен заматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігін,  егемендігі мен тұтастығын қамтамасыз ету мүддесінде Конституцияға сәйкес күшіне енген заң немесе өзге құқықтық актіні қарау үшін Конституциялық кеңеске үндеу жіберуі мүмкін.
Жекелеген түзетулер сот пен прокуратураға қатысты. Конституцияның 79-бабы 3-тармағының қолданыстағы редакциясында судьяларға қойылатын біліктілік талаптар белгіленген. Осы талаптар «Қазақстан Республикасының сот жүйесі және соттар мәртебесі туралы» Конституциялық заңында да көрсетілген. Заң жобасында тек заңмен судьяларға қойылатын біліктілік талаптарды нақтылау ұсынылады.
Соттардың қызметіне қадағалауды Жоғарғы соттың жүзеге асыру туралы 81-баптың нормасы заңда көзделген жағдайларда Жоғарғы сот оның соттылыққа жатқызылған сот істерін қарайтынын нақтылаумен ауыстырылады.
83-баптың 1-тармағына енгізілетін өзгерістер прокуратураның жекелеген функцияларын қорытындылауға қатысты, өйткені олар Қазақстан Республикасы аумағында заңдылықтың сақталуын жоғары қадағалау шеңберінде прокуратурамен жүзеге асырылады.
Ұсынылып отырған редакцияда прокуратураның негізгі функциялары көлемді түрде және сонымен бірге заңға жинақы сілтемемен жазылған.  
Бұл ретте прокуратура заңнамада белгіленген шектерде және нысандарда ел аумағында заңдылықтың сақталуына жоғары бақылауды жүзеге асырады, сотта мемлекеттің мүдделерін ұсынады және мемлекеттің атынан қылмыстық қудалауды жүзеге асырады деп көзделеді.
Сондай-ақ заң жобасы жергілікті өкілдік және атқарушы органдарға қатысты нормаларды қамтиды.
Атап айтқанда, 86-баптың 5-тармағына өзгерістер енгізіледі, соларға сәйкес мәслихаттың өкілеттіктері Премьер-Министрмен және Парламент Палаталары Төрағаларымен консультациялар жүргізгеннен кейін Қазақстан Республикасының Президенті мерзімінен бұрын тоқтатады.
Мұндай алқалық шешім оның негізділігі мен қажеттілігін қамтамасыз етеді және мәслихаттардың мәртебесін арттырады.
87-баптың 4-тармағында заң деңгейінде қалалық, аудандық және ауылдық деңгейдегі әкімдердің лауазымдарын тағайындау немесе сайлау, сондай-ақ оларды лауазымнан босату тәртібі жатқызылған.
«Қазір ол Президенттің жарлығымен реттелетінін естеріңізге саламын», - деп айтты Әбдіров.
Бұған дейін комиссияның дербес құрамына кірген хабарланды:
ҚР Сенатынан: Серік Ақылбаев, Бірғаным Әйтімова, Асқар Бейсенбаев, Қайрат Ищанов, Дулат Құсдәулетов, Дариға Назарбаева, Людмила Полторабатько.
ҚР Мәжілісінен: Бақтықожа Ізмұхамбетов, Нұрлан Әбдіров, Мәулен Әшімбаев, Жамбыл Ахметбеков, Анар Жайылғанова, Роман Ким, Екатерина Никитинская.
Дауыс беру арқылы бірлескен комиссияның төрағасы болып Нұрлан Әбдіров тағайындалды.

Возврат к списку


ЖАҢАЛЫҚТАР

03.03.2017
ҚР Парламентінде құрылған бірлескен комиссияның отырысында екінші оқылымда мемлекет басшысы ұсынған «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгеріс... >>>
03.03.2017
2017 жылғы 17 наурызда сағат 11:00 өтетін сауда-саттыққа бағаны көтерудің электрондық аукцион тәсілімен «Қазойлмаш» ЖШС-дағы 100% қатысу үлесі шығ... >>>
03.03.2017
CT-KZ нысанында берілген сертификаттар мен ТЖҚ БНА анықтамалығының кодтары бойынша деректерді беру бөлігінде «Қазақстандық қамту» порталы» МАЖ-ды «Сат... >>>
03.03.2017
«Самұрық-Қазына Контракт» ЖШС а.ж. 3 наурызында Facebook әлеуметтік желісінде 4 департаменттің – Алдын ала біліктілікті іріктеу, Сатып алу мониторингі... >>>
03.03.2017
9 наурызда «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ ұйымдарының тауарлар, жұмыстар мен қызметтерді сатып алуындағы маркетинг» сайтының жаңартылған интерфейсін іске қо... >>>
03.03.2017
«Самұрық-Қазына» АҚ Холдингіндегі санаттық басқарудың енгізу бойынша жүргізіліп жатқан трансформациялау шеңберінде пилоттық сатып алудың санаттық стра... >>>
03.03.2017
Жыл басынан бері «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялары сомасы бойынша жиыны 8 808 009 119 теңгені немесе 10,22% үнемдеді.
ЭСАЖ-да тіркелген Тапсы... >>>
02.12.2016
Бір көзден алу тәсілімен сатып алуды ескере отырып, ЭСАЖ пайдаланудан түскен «Самұрық-Қазына» АҚ еншілес және тәуелді ұйымдарының бюджеттерін үнемдеу ... >>>
25.11.2016
Дәстүрлі  апта сайынғы диалогтық алаңдар шеңберінде 2016 жылғы 24 қарашада ҰКП, «Самұрық-Қазына Контракт» ЖШС, «Интергаз Орталық Азия» АҚ, «... >>>
25.11.2016
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ «ҚТ Сирек металл компаниясы» БК» ЖШС жарғылық капиталындағы қатысу үлесінің 51%-ын сауда-саттыққа қайта шығарды.
... >>>