[ҚАЗ]  [ENG]  [РУС] 
+7 (7172) 570 275

«Самұрық-Қазына» АҚ Сатып алу қағидаларын қолдану бағдарламалары бойынша оқыту

«Самұрық-Қазына» АҚ Сатып алу қағидаларын қолдану бағдарламалары бойынша оқыту 08.07.2016 «Самұрық-Қазына Контракт» ЖШС  тауарлар, жұмыстар, қызметтерді сатып алу мәселелерімен айналысатын «Самұрық-Қазына» АҚ ұйымдарының жұмыскерлерін оқытуды жүйелі түрде жүргізеді.
Оқу екі тәсілмен өткізіледі:
1) тапсырыс берушілерге (Қордың ЕТҰ-на) және тауарлар, жұмыстар мен қызметтердің өнім берушілеріне шығумен;
2) қашықтықтан, интернет байланыс арқылы. Қашықтықтан оқытатын курстар тегін өткізіледі және  Холдинг ұйымдарының жұмыскерлерімен Сатып алу қағидалары нормаларының бұзушылықтарын қысқартуға бағытталған.
2013 жыл ішінде Холдингтің 122 ұйымының 924 қызметкері оқып шықты.
2014 жыл ішінде Холдингтің 79 ұйымының 805 қызметкері оқудан өтті.
2015 жыл ішінде Холдингтің және оның филиалдарының 150 ұйымының 505 қызметкері оқытылды.    
2016 жыл ішінде Холдингтің, олардың филиалдары мен ЕТҰ-ның 59 ұйымының 279 қызметкері оқытылды.
Бұл ретте 2016 жылғы мамыр-маусымда «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ және «Байланыс-ҰАК» ЖШС 37 жұмыскері; «АлЭС» АҚ 11 жұмыскері үшін көшпелі семинарлар ұйымдастырылды және өткізілді.
Оқып-үйрету курсын іске асыру шеңберінде «Самұрық-Қазына Контракт» ЖШС мынадай тақырыптарда интернет арқылы қашықтықтан семинар сабақтарын өткізеді:
«Сатып алу мәселелері бойынша есептілікті қалыптастырудың автоматтандырылған жүйесі және тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алу кезінде жергілікті қамтуды есептеу әдістемесі»,
«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ сатып алуындағы бағалар маркетингі бойынша өзгерістер.  ТЖҚ БНА ақпараттық жүйесін пайдалану жөніндегі нұсқаулық. «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ тауарлар, жұмыстар және қызметтерін сатып алудағы маркетинг» онлайн порталын пайдалану жөніндегі нұсқаулық»,
«Самұрық-Қазына» АҚ  Тауарлар, жұмыстар, қызметтеріне электрондық сатып алуды ұйымдастыру және жүзеге асыру жөніндегі нұсқаулықты қолдану»,
«Сатып алу қағидаларына негізгі өзгерістер мен толықтырулар», «Сатып алуды бақылауды жүзеге асыру қағидалары».
Оқу нәтижелері бойынша нәтижелері «Самұрық-Қазына Контракт» ЖШС-ның www.skc.kz сайтына орналастырылатын тыңдаушыларға тестілеу жүргізіледі.  
Қосымша ақпарат үшін «Самұрық-Қазына Контракт» ЖШС Құқықтық қамтамасыз ету және персоналды басқару департаментінің бас менеджері Әлия Әнуарбекқызы Дәулетжановаға мына тел: 8 (7172) 559010  хабарласыңыздар.

Возврат к списку


ЖАҢАЛЫҚТАР

21.06.2017
АО «ЗИКСТО» производит приборы, узлы и детали для железнодорожной отрасли. >>>
03.03.2017
ҚР Парламентінде құрылған бірлескен комиссияның отырысында екінші оқылымда мемлекет басшысы ұсынған «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен то... >>>
03.03.2017
2017 жылғы 17 наурызда сағат 11:00 өтетін сауда-саттыққа бағаны көтерудің электрондық аукцион тәсілімен «Қазойлмаш» ЖШС-дағы 100% қатысу үлесі шығарылды. >>>
03.03.2017
CT-KZ нысанында берілген сертификаттар мен ТЖҚ БНА анықтамалығының кодтары бойынша деректерді беру бөлігінде «Қазақстандық қамту» порталы» МАЖ-ды «Сатып алудың ... >>>
03.03.2017
«Самұрық-Қазына Контракт» ЖШС а.ж. 3 наурызында Facebook әлеуметтік желісінде 4 департаменттің – Алдын ала біліктілікті іріктеу, Сатып алу мониторингі және талд... >>>
03.03.2017
9 наурызда «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ ұйымдарының тауарлар, жұмыстар мен қызметтерді сатып алуындағы маркетинг» сайтының жаңартылған интерфейсін іске қосу жоспарл... >>>
03.03.2017
«Самұрық-Қазына» АҚ Холдингіндегі санаттық басқарудың енгізу бойынша жүргізіліп жатқан трансформациялау шеңберінде пилоттық сатып алудың санаттық стратегиялары ... >>>
03.03.2017
Жыл басынан бері «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялары сомасы бойынша жиыны 8 808 009 119 теңгені немесе 10,22% үнемдеді.
ЭСАЖ-да тіркелген Тапсырыс беруші... >>>
02.12.2016
Бір көзден алу тәсілімен сатып алуды ескере отырып, ЭСАЖ пайдаланудан түскен «Самұрық-Қазына» АҚ еншілес және тәуелді ұйымдарының бюджеттерін үнемдеу 2016 жылды... >>>
25.11.2016
Дәстүрлі  апта сайынғы диалогтық алаңдар шеңберінде 2016 жылғы 24 қарашада ҰКП, «Самұрық-Қазына Контракт» ЖШС, «Интергаз Орталық Азия» АҚ, «Қазфитингп... >>>