[ҚАЗ]  [ENG]  [РУС] 
+7 (7172) 570 275

«Вагонсервис» АҚ сатып алуындағы бұзушылықтар анықталды және жойылды

«Вагонсервис» АҚ сатып алуындағы бұзушылықтар анықталды және жойылды 08.07.2016 «Самұрық-Қазына Контракт» әлеуетті өнім берушінің өтініміне шартты жеңілдіктерді негізсіз қолдану бөлігінде «Вагонсервис» АҚ Сатып алу қағидаларының нормаларын бұзғанын анықтады.
Баяндалғанды ескере отырып, Қордың корпоративтік құжаттарын сақтау мақсатында Тапсырыс берушінің атына анықталған бұзушылықтарды жою жөніндегі іс-шараларды өткізу қажеттілігі туралы ұсынымдар жіберілді.
Тапсырыс беруші жүргізген іс-шаралардың қорытындылары бойынша бұзушылықтар жойылып, Сатып алу қағидаларына сәйкес келтірілді.
Бұдан басқа, осы факті бойынша «Вагонсервис» АҚ бұдан былай мұндай бұзушылықтарға жол бермеу жөнінде шаралар қабылдады, атап айтқанда Тапсырыс берушінің 4 қызметкері тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Возврат к списку


ЖАҢАЛЫҚТАР