[ҚАЗ]  [ENG]  [РУС] 
+7 (7172) 570 275

САТЫП АЛУ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ҚАШЫҚТЫҚТАН ЕКІ СЕМИНАР ӨТКІЗІЛДІ

САТЫП АЛУ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ҚАШЫҚТЫҚТАН ЕКІ СЕМИНАР ӨТКІЗІЛДІ 10.10.2016 «Самұрық-Қазына Контракт» ЖШС қызметкерлері  сатып алу процесіне іске қосылған Самұрық-Қазынаның еншілес компанияларының мамандарына бірінші жыл оқу өткізіп отырған жоқ. Дәрістерді сатып алу саласында көп жұмыс тәжірибесі бар, сондай-ақ Қор компаниялары тобының Сатып алу әдіснамасын және қағидаларын әзірлеуге қатысқан мамандар оқиды.
Оқытудың мақсаты сатып алуды өткізген кезде бұзушылықтарды жасауға жол бермеу, қызметкерлердің біліктілігін және сатып алу рәсімдерінің ашықтығын қамтамасыз ету болып табылады.
А.ж. 30 қыркүйегінен бастап 3 қазаны аралығында «С.М. Киров атындағы машина жасау зауыты» АҚ, «ҚазИнж Электроникс» АҚ, «Петропавл ауыр машина жасау зауыты» АҚ, «С.М. Киров атындағы зауыт» АҚ,  «Мұнаймаш» АҚ, «Еврокоптер ҚИ» ЖШС, «Орал «Зенит» зауыты» АҚ,  «Қазақстан Аселсан инжиниринг» ЖШС 17 жұмыскері үшін сатып алу мәселелері бойынша қашықтықтан екі семинар өткізілді. Семинар қатысушыларынан «кері байланыс» алған кезде барлық қатысушылар лекторлар берген оқу материалдарын меңгеру үшін қолайлы жүргізілген семинарды жоғары сапалы екендігін атап көрсетті.
Қашықтықтан оқытудың семинар сабақтары мынадай тақырыптарға интернет желісі арқылы өткізіледі:
«Сатып алу мәселелері бойынша есептілікті қалыптастырудың автоматтандырылған жүйесі және тауарлар, жұмыстар мен қызметтерді сатып алу кезінде жергілікті қамтуды есептеу әдістемесі», «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ сатып алуындағы бағалар маркетингі бойынша өзгерістер. ТЖҚ БНА ақпараттық жүйесін пайдалану жөніндегі нұсқаулық. «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ тауарлар, жұмыстар мен қызметтерін сатып алудағы маркетинг» онлайн порталын пайдалану жөніндегі нұсқаулық, «Самұрық-Қазына» АҚ тауарлар, жұмыстар, қызметтерін электрондық сатып алуды ұйымдастыру және жүзеге асыру жөніндегі нұсқаулықты қолдану», «Сатып алу қағидаларындағы негізгі өзгерістер мен толықтырулар», «Сатып алуды бақылауды жүзеге асыру қағидалары».  
Бұл ретте 2016 жылғы мамыр-маусымда «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ және «Байланыс-ҰАК» ЖШС 37 жұмыскері; «АлЭС» АҚ 11 жұмыскері үшін көшпелі семинарлар ұйымдастырылып өткізілді.
Қосымша ақпарат алу мәселелері бойынша «Самұрық-Қазына Контракт» ЖШС Құқықтық қамтамасыз ету және персоналды басқару департаментінің бас менеджері Әлия Әнуарбекқызы Дәулетжановаға тел: 8 (7172) 559010 хабарласыңыз.

Возврат к списку


ЖАҢАЛЫҚТАР

10.10.2016
«Самұрық-Қазына Контракт» ЖШС әлеуетті өнім берушіден түскен өтініш барысында «Алатау Жарық компаниясы» АҚ жариялаған «Жылжымалы жерге қосу» тауарларын сатып алуға тексеруді жүзеге асырды. >>>
10.10.2016
«Самұрық-Қазына Контракт» ЖШС қызметкерлері  сатып алу процесіне іске қосылған Самұрық-Қазынаның еншілес компанияларының мамандарына бірінші жыл оқу өткізіп отырған жоқ. Дәрістерді... >>>
10.10.2016
«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ  Директорлар кеңесінің шешіміне сәйкес 2016 жылғы 18 сәуірде «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-ның жаңа Тауарлар, жұмыстар мен қыз... >>>
10.10.2016
«Самұрық-Қазына Контракт» ЖШС әлеуетті өнім берушілерді алдын ала біліктілік іріктеуін жүргізу бойынша белсенді жұмыс өткізуде.  Ағымдағы сәтте Білікті әлеуетті өнім берушілер тізб... >>>
10.10.2016
2016 жылдың басынан бері бір көзден тәсілімен сатып алу ескерілген ЭСАЖ пайдаланудан «Самұрық-Қазына» АҚ еншілес және тәуелді ұйымдарының бюджеттерін үнемдеу 35 829 416 302,85 теңгені немесе... >>>
08.07.2016
Мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында 2016 жылғы 26 шілдеде «Қазпероксид» ЖШС-дағы қатысу үлесінің 50%-ын, «Үлбі демалыс базасы» ЖШС-дағы қатысу үлесінің 100%-ын және «Қазатом... >>>
08.07.2016
«Самұрық-Қазына Контракт» ЖШС  тауарлар, жұмыстар, қызметтерді сатып алу мәселелерімен айналысатын «Самұрық-Қазына» АҚ ұйымдарының жұмыскерлерін оқытуды жүйелі түрде жүргізеді. >>>
08.07.2016
«Самұрық-Қазына Контракт» ЖШС қызметкерлері «Атамекен» ҰКП өкілдері үшін жұмыс істеп тұрған өндірістерді жаңғыртуға жәрдемдесу және жаңа өндірістерді құру бойынша 2014-2022 жылдарға арналған... >>>
08.07.2016
«Самұрық-Қазына Контракт» әлеуетті өнім берушінің өтініміне шартты жеңілдіктерді негізсіз қолдану бөлігінде «Вагонсервис» АҚ Сатып алу қағидаларының нормаларын бұзғанын анықтады. >>>
08.07.2016
2016 жылдың басынан бері бір көзден тәсілімен сатып алуды есепке ала отырып ЭСАЖ пайдаланудан «Самұрық-Қазына» АҚ еншілес пен тәуелді ұйымдарының бюджеттерін үнемдеу 27 229 874 752,61 теңген... >>>