[ҚАЗ]  [ENG]  [РУС] 
+7 (7172) 570 275

Қордың ЕТҰ активтерін сату жобасы департаменті

Қордың ЕТҰ активтерін сату жобасы департаменті (бұдан әрі – Департамент) «Самұрық-Қазына Келісімшарт» ЖШС (бұдан әрі – Серіктестік) құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Департамент Мемлекет Басшысының тапсырмаларын [1], сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің Жекешелендірудің 2014-2016 жылдарға арналған кешенді жоспарын іске асыру туралы қаулысын [2] орындау мақсатында құрылды.

Департамент «Самұрық-Қазына Келісімшарт» ЖШС (бұдан әрі – Серіктестік) құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Департамент өз қызметін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына, Серіктестіктің Жарғысына, Жалғыз қатысушы – «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ (бұдан әрі – Қор) шешімдеріне, Серіктестіктің бас директорының бұйрықтары мен өкімдеріне, сондай-ақ Серіктестікте бекітілген өзге де құжаттарға сәйкес жүзеге асырады.

Мыналар Департаменттің міндеттері болып табылады:

- Сатылатын активтің немесе объектінің құжаттарын сату алдындағы кешенді дайындау не Қор ЕТҰ күшімен жүргізілетін сату алдындағы дайындауды тұрақты бақылау;

- Сауда-саттықты Активтер мен объектілерді сату қағидасына сәйкес ұйымдастыру және өткізу[3];

- Барлық кезеңдерде сату барысы туралы ақпаратты жинау және дайындау, Қорға активтер мен объектілерді сату мәртебесі туралы хабарлау.



[1] Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына 2014 жылғы 17 қаңтардағы Жолдауы.

[2] «Жекешелендірудің 2014-2016 жылдарға арналған кешенді жоспарын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 наурыздағы №280 қаулысы және «Жекешелендірудің 2014-2016 жылдарға арналған кешенді жоспарын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 наурыздағы №280 қаулысына өзгерістер және толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 12 мамырдағы №429 қаулысы.

[3] «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының және дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) кемінде елу проценті меншіктену немесе сенімгерлік басқару құқығында «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-қа тікелей немесе жанама тиесілі ұйымдардың активтерді және объектілерді сатуының бірыңғай қағидасы.


ЖАҢАЛЫҚТАР

25.09.2017
Стратегияны іске асыру бойынша Холдингтің еншілес және тәуелді ұйымдарына жеңіл автокөліктерді және автобустарды сатып алу бір көзден сатып алу тәсілі бойынша... >>>
22.09.2017
В работе съезда приняли участие представители ТОО «Самрук-Қазына Контракт». >>>
15.09.2017
ТОО «Самрук-Казына Контракт» не имеет отношения к частным компаниям, оказывающим платные консультации по ПКО. >>>
08.09.2017
Барлығы жұмыс барысында 120 мыңнан астам ТЖҚ БНА кодтары өңделіп, қайта қаралды, сондай-ақ дәлелдеу базасы мен мемлекеттік тізілімдер енгізілді. >>>