[ҚАЗ]  [ENG]  [РУС] 
+7 (7172) 570 275

Біз туралы

«Самұрық-Қазына Контракт» ЖШС-і «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-ның еншілес ұйымы болып табылады. 2007 жылдың маусым айында «Телеком-Инвест Самрук» ЖШС-і ретінде құрылған. «Телеком-Инвест Самрук» ЖШС-і 2009 жылдың 12-наурыздағы Қордың Басқарма шешімімен (№14/09 протокол) «Самұрық-Қазына Контракт» ЖШС-і болып қайта аталды.


«Самұрық-Қазына Контракт» ЖШС-нің (бұдан әрі – Серіктестік) қызметінің басты мақсаттары:

- «Самұрық-Қазына» АҚ-на тиісті мекемелер тобының сатып алуларындағы қазақстандық қамтудың үлесін қадағалау;
- «Самұрық-Қазына» АҚ-на тиісті мекемелер тобының сатып алуларындағы бағалар маркетингін жүргізу; 
- «Самұрық-Қазына» АҚ-на тиісті мекемелер тобының сатып алуларында бақылау шараларын жүргізу.

Серіктестік қызметінің басым бағыттары мыналар болып табылады:

  • Қордық сатып алу саласындағы саясатын іске асыруға жәрдем көрсету;
  • Холдинг компанияларының сатып алуына мониторинг жүргізу және талдау;
  • Холдингте сатып алуды жетілдіру жөніндегі құжаттарды әзірлеуге қатысу;
  • әлеуетті жеткізушілердің, тауарларды, жұмыстардың және қызметтердің кешенді деректер базасын қалыптастыру;
  • тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алудағы қазақстандық қамту мониторингі;
  • сатып алу саласындағы ақпараттық жүйелерді құру, дамыту және жұмыс істеу;
  • Холдингке кіретін ұйымдардың «Самұрық-Қазына» АҚ сатып алу саласындағы актілер талаптарын сақтауы жөніндегі бақылау іс-шараларын ұйымдастыру;
  • Адал және сенімсіз өнім берушілер тізбесін қалыптастыру және жүргізу


ЖАҢАЛЫҚТАР